Қазақстанда ЖОО-ның «Адалдық лигасы» құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жоғары білім мәселесін жетілдіру мақтасында «Академиялық адалдық лигасы» құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті. 

«Елімізде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданғаны белгілі. Аталған заң ЖОО академиялық және басқару еркіндігін біртіндеп кеңейтуге бағытталған. Осы орайда,  қазақстандық ЖОО өзара бірігіп адалдық лигасын құруда. Бұл бастаманы министрлік толығымен қолдайды. Бүгін ниет білдірген ЖОО орындары ортақ декларация қабылдап қол қойды», - деді Асхат Аймағамбетов.

Лиганың негізгі мақсаты академиялық адалдық қағидаттарын іске асыру және ілгерілету арқылы жоғары білім беру сапасын арттыру. Лиганың қызметі әлемнің ең үздік университеттерінің тәжірибелеріне негізделген 10 қағидаттармен тығыз байланысты.

Әзірге адалдық лигасы құрамына ерікті түрде Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ тағы басқа 21 жоғары оқу орны кірді. Лигаға мүше болуға кез келген ЖОО мүмкіндігі бар, бірақ оның арнайы қағидалары мен талаптары бар.

Жоғарғы оқу орындарының «Академиялық адалдық лигасы» қауымдастығының төрағалығына Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ректоры Ерлан Сыдықов пен М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің ректоры Талғат Нәрікбаев ұсынылды. 

Соңғы жаңалықтар