Қазақстанда ЖОО-лардың рейтингі қалай жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов Қазақстандағы ЖОО-лардың рейтингі қалай жасалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рейтинг аясында 2 мың білім бағдарламасы зерттелді. Жоғары оқу орнын бітірген 68 мың түлектің жұмысқа орналасу көрсеткішін талдадық. Қазақстанның барлық өңірінен салалық сарапшыны тарттық. Осының нәтижесінде 108 ЖОО бойынша 6 мың сараптамалық қорытынды жасалды. Рейтинг негізі 17 критерий бойынша жүргізілді. Оның ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы, олардың орташа жалақысы, жұмыс іздеу құжаттары мен бағдарламаның өзектілігі бағаланды», - деді Азамат Бейсенбенов Білім және ғылым министрлігінің онлайн отырысында.

Рейтинг қорытындысы бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы 71 пайызды құраған. Оның 58 пайызында тұрақты зейнетақы аударымдары бар.

«Түлектердің орташа жалақысы - 118 мың теңге. Карантин шараларын енгізу бағытында ақпараттық қауіпсіздік түлектерін жұмысқа орналастыру 24 пайызға өсті. Сондай-ақ кеден ісі және қоғамдық байланыс мамандығын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 20 пайызға артқанын атап өткен жөн», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар