+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстанда жолдардың 28 мың шақырымы таңбаланады

2020 жылғы 31 наурыз 13:31
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жолдардың 28 мың шақырымы таңбаланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында жол жөндеушілер шұңқырларды жамау және жолдарды таңбалау жұмыстарына кірісіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл Алматы облысында 3 мыңға жуық адамды баспанамен қамту жоспарланған Карантин электр стансаларын дер уақытында жөндеуге кедергі келтірді – Нұрлан Ноғаев Елбасы Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты

«Алматы облысында бүгінгі таңда «Алматы – Нұр-Сұлтан» автомобиль жолының 45-59 шақырымында, «Алматы – Бішкек» жолының 25-27 шақырымында шұңқырларды жамау жұмыстары басталды. Жөнделген жолдардың жалпы ауданы 80 мың шаршы метрді құрайды. Аталмыш жұмыстар екі ай ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, мұнда жолдардың қозғалыс бөлігін таңбалау, жолдағы жарықтарды жою жұмыстары басталды», - делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Түркістан облысында «Жизақ – Гагарин – Жетісай – Асықата – Сарыағаш – Жібек жолы» жолында шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, жолдың қозғалыс бөлігін таңбалау, жол белгілерін орнату жұмыстары аяқталған.

Жамбыл облысындағы жолдардың 8 мың шаршы метрінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Жол қызметтері мұндай жұмыстарды «Алматы – Ташкент – Термез» жолының 239-240 шақырымында аяқтаған. Қазіргі таңда жолдарды таңбалау және жол бойын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«2020 жылы Қазақстан жолдарының шамамен 484 мың шаршы метрінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілмек. Жолдардың 28 мың шақырымы таңбаланып, 12 мың жол белгілері ауыстырылады деп жоспарлануда», - деп атап өтілген министрлік мәліметінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT