Қазақстанда жолаушылар пойыздарының бағыттары өзгерді
2017 жылғы 31 наурыз 08:27

Қазақстанда жолаушылар пойыздарының бағыттары өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда қауіпсіздік мақсатында жолаушылар пойыздарының бағыттары өзгерді, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

«30 наурыз күні көктемгі су тасқыны салдарынан Павлодар бөлімшесіндегі теміржолдың Дегелең-Май аралығын су шайып кетті. Осы себепті, №31 «Алматы-1-Павлодар», №376 «Астана-Лениногорск», №67 «Защита-Астана», №68 «Астана-Защита» жолаушылар пойыздарының бағыттары РФ аумағымен - «Ресей темір жолдары» ААҚ-ның Кулунда және Локоть стансалары арқылы жүретін болады. Осыған орай, жол жүру уақыты орта есеппен 16 сағатқа ұзарады», - делінген хабарламада.

Көктемгі су тасқыны салдарын жою бойынша жедел штаб құрылды.

Оқиға орнында 63 арнайы техника мен 120-дан астам теміржолшы жұмыс жасауда.

«Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Су шаю салдарын барынша қысқа уақытта жою үшін барлық шаралар қолға алынатын болады», - деп атап өтті ҚТЖ баспасөз қызметінен.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT