Қазақстанда жолаушылар пойыздары кесте бойынша және барлық бағытта жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бүгінгі таңда жолаушылар пойыздары кесте бойынша және барлық бағытта жүреді. Барлық пойыздарға теміржол билеттері бар»,-деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтаннан шығатын жолаушылар үшін темір жол билеттерінің тапшылығы жоқ.

Күн сайын елордадан басқа қалаларға 30-дан астам пойыз жөнелтіледі. Олардың барлығы да пойыздар кестесі бойынша жүреді. Мәселен, 11 қаңтардағы жағдай бойынша елордадан 42 жолаушылар және қаламаңы пойыздары жолға шықты.

2022 жылғы 8-11 қаңтар аралығында «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-нан 12 қосымша пойыз ұйымдастырылып, 11 мыңнан астам орын ұсынылды.

«Билеттер туралы толығырақ ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және Кaspi.kz пен «ҚТЖ билеттері» мобильдік қосымшаларынан білуге болады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар