Қазақстанда жол полициясы мен патруль полициясы бірігіп, әмбебап полицейлер жұмыс істейтін болады

None
None
АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда жол полициясы мен патруль полициясы біріктірілетін болады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» заң жобасын талқылау барысында

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлімдеді.

«Айта кетейін, біз бүгінгі күні сынақ мерзімін аяқтап қалдық, сол бойынша жол полициясын патруль полициясымен біріктіретін боламыз. Түйіндей айтқанда, бізде әмбебап полицейлер қызмет етеді. Яғни, бізде ендігіде көшенің бір бұрышында төбелес болып жатса, жол полициясының бұған қатыстылығы жоқ деген еш болмайды. Сол секілді аулаларда көліктер жол жиегінен шығып тұрса, бұған патруль полициясы да назар аударатын болады», - деді министр.

Оның айтуынша, аталмыш тәжірибе бойынша патруль полицияларын жол жүру ережелеріне оқыту секілді бағыттарда біршама шығын талап етеді. «Дегенмен, бұл шешілуі тиіс мәселе. Сондықтан ондай дүниелер келешекте еніп қалуы ықтимал», - деді Қ. Қасымов.

Соңғы жаңалықтар