Қазақстанда жоғары вольтты жабдықтар сынақтан өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде зертханалық база мен сәйкестікті бағалау жүйесін дамытуға ерекше екпін қойылмақ. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зертханалық база мен сәйкестікті бағалау жүйесін дамытуға ерекше екпін қойып отырмыз. Мысалы, Кентау трансформатор зауыты базасында жоғары вольтты жабдықтар бойынша сынақ зертханасы құрылуда. Зертханалық сынақ нәтижелері мен сапа сәйкестігі сертификаты барлық ЕАЭО елдерінде мойындалатын болады», - деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ол қазақстандық нарықта сапасыз импорттық тауарларды саудалауға қарсы күрес бойынша өзге де шараларға тоқталды.

«Қазіргі кезде таңбалау бойынша қанатқақты жобалар темекі және алкогольдік өнімдерге, аяқ киім мен дәрілік препараттарға қатысты іске қосылды. Осы таңбалау тетігін енгізу Қазақстан экономикасына оңтайлы нәтиже береді деп ойлаймыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр кәсіпкерлерді «импорттық қоқысқа» тосқауыл қоюға шақырды.



Соңғы жаңалықтар