Қазақстанда ЖІӨ өсімі 4,1% құрады - Тимур Сүлейменов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, биылғы 10 айда Қазақстан экономикасы өсудің оң үрдісін сақтап отыр және жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,1% құрады.

«Жоғары инвестициялық белсенділік, инфляцияның бәсеңдеуі, сондай-ақ экономиканың базалық салаларында өндірістің ұлғаюы экономикалық өсудің негізгі факторлары болды. Инфляция деңгейі 5-7% аралығында сақталып отыр. Қазан айында инфляция 0,4%, ал жыл басында - 3,7% құрады. Жылдық инфляция 5,3% құрады. 2017 жылы қазанда инфляция жоғары базаның есебінен 7,7% болған еді. Яғни, соңғы үш жыл ішіндегі рекордтық төмен деңгейге қол жеткізілді», - деді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында.

Инвестициялық сұраныс бір қалыпты қарқынмен өсіп келеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 20,8% өскен.

«Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша алтын валюта резервтерінің қысқаруы есебінен (7,6%-ке - 29,1 млрд АҚШ долларына дейін) елдің халықаралық резевтері 2,7% төмендеп, 85,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, Ұлттық қордың активтері 0,1% өсу көрсетіп, 56,5 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар