+7 (701) 759 90 19
USD 419.87 EUR 508.04
RUB 5.7 CNY 65
Jańalyqtar

Қазақстанда жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 20 қаңтар 20:31
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 9 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ақмола облысында көлік қозғалысы шектелді Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді

21 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Көкшетауда ертең түнде жаяу бұрқасын соғады соғады, жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

21 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады күтіледі. Солтүстік шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қызылорда қаласында жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Шымкентте оңтүстік батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең Түркістан қаласында оңтүстік батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

21-22 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде қалың қар жуады, боран соғалы, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде 23-28 м/с күшейіп, 22 қаңтарда кейде екпіні 30 м/с асып кетуі ықтимал.

21, 24 қаңтар аралығында Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 21 қаңтарда көктайғақ болады күтіледі. 24 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, 24 қаңтарда түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с жетеді.

Таразда 21-24 қаңтар аралығында тұман түсіп, 22-23 қаңтарда көктайғақ болады. 22, 23 (түнде және таңертең), 24 қаңтарда солтүстік батыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетіп, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

21 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік батыстан жел тұрып, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Ертең Петропавлда оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуәі мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT