Қазақстанда жергілікті бюджеттің 45,1%-ы 5 аймақтан түскен

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда биылғы 4 айда жергілікті бюджетке 1,5 трлн теңге түсті. Бұл рекордты көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл қаңтар-сәуір айларында жергілікті бюджетке түсетін түсім көлемі 1,5 трлн теңгеге артты. Бұл көрсеткіш жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда рекорд болып отыр. Былтыр осы кезең аралығында 1,3 трлн теңге түскен болатын. Бұл биылғымен салыстырғанда 7,5%-ға аз», - делінген Ranking ақпарат ресурсында.

Бюджет түсімі ең көп түскен аймақтар төрттігін Алматы бастап тұр. Мұнда - 173,6 млрд теңге түскен. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 6,8%-ға көп.

Екінші орында Түркістан облысы тұрақтады. Мұнда жергілікті бюджетке 153,9 млрд теңге түскен.

Көшбасшылар үштігін Алматы облысы тұйықтады.

Облыстық бюджеттің көлемі 4 айда 132,1 млрд теңгеге артқан.

Сонымен қатар, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында да 108,7 млрд және 102,8 млрд теңге түсім түскен.

Аталған бес аймақ бүкіл Қазақстандағы түсімдердің 45,1%-ын шоғырландырып отыр.

Трансферттерді есептемегенде жергілікті бюджет түсімі 761,2 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғымен салыстырғанда 4,5%-ға артық.

Оның ішінде 708 млрд теңге салым түсімі болып саналады.

Соңғы жаңалықтар