+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Қазақстанда жер учаскесіне қатысты құжаттарды ресімдеу жеңілдетілмек

2021 жылғы 14 қаңтар 11:50
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жер учаскесіне қатысты құжаттарды ресімдеу жеңілдетілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған заң жобасы бір топ Парламент депутаттарының бастамашылығымен әзірленген.

Ұсынылған заң жобасының негізгі мақсаты – жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу салаларын жетілдіру, заңнамалық нормаларын қазіргі заман талабына сәйкес келтіру.

«Заң жобасында көзделіп отырған өзгерістер мен толықтырулар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тетігін электрондық жүйесіне үйлестіріп, кейбір мүлікті тіркеу мерзімдеріне қатысты нормаларды жетілдіріп, тіркеу мерзімін сақтамаған жағдайда әкімшілік жауаптылықты алып тастау қарастырылған. Құжатта жылжымайтын меншік иелерінің (меншік иесі өз қалауы бойынша, апаттық жағдайдағы) бұзылған жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықты тоқтату тетіктерін бекітуге, соған байланысты мемлекеттік және жергілікті органдардың құзретін белгілеу ұсынылған», - деді сенатор Нұрлан Бекназаров.

Заң жобамен қатысушы шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлесін иеліктен шығару кезінде оны қайта тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесін айқындау көзделіп отыр.

«Яғни, шаруашылық серіктестігінің шығатын қатысушысының мүліктегі үлеске құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шартын ұсыну қажет.

Жалпы заң жобасы ведомствоаралық үйлестірудің тиімділігін арттыруға, қолданыстағы тіркеу процестерін және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жетілдіруге бағытталған. Заң жобасы қолданыстағы реттеудің тиімділігін толық талдауды, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында қалыптасқан қатынастардағы тұрақтылық пен құқықтық сенімділікті қамтамасыз етеді», - деді депутат.

Атап айтқанда, депутаттар жылжымайтын мүлікке құқықтарды уақтылы тіркемегені үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастауды ұсынды. Енді бұдан былай мұндай кешігу орын алғанда адамдар жазаға тартылмайды және айыппұл салынбайтын болды. Сонымен қатар, жер учаскесіне құжаттарды ресімдеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетіледі. Осылайша, адамдарға осы мемлекеттік қызметтерді алу оңайырақ болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT