Қазақстанда жер қатынастары туралы заңға түзетулер енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бұл туралы ҚР Аауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Гүлжахан Бимендина мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану туралы тапсырмасын орындау үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмайтын жерлерге салық мөлшерлемесін 20 есе арттырды. Салық мөлшерлемесін көтеруді көздейтін заң 10 желтоқсанда қабылданды. Бұл пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінен өз еркімен экономикалық тұрғыда бас тартуды көздейді», - деді жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы.

Сонымен қатар, биыл АШМ «жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.

Ол жер заңнамасын жетілдіруге, жер учаскелерін беру тәртібінің рәсімдерін жеңілдетуге, жер қатынастары саласындағы қызметтерді цифрландыру арқылы халықтың мемлекетпен өзара іс-қимылын қысқартуға бағытталған.

Құжат ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілді.

Комитет қосымша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру кезеңін және қайтарып алу мерзімін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартуды көздейтін заң жобасын әзірледі.


Соңғы жаңалықтар