Қазақстанда жеңіл көліктер қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 11 айында Қазақстан жаңа көліктердің  орташа құны 7,6 пайызға қымбаттады. Бұл жайында Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындарының одағынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Одақ мәліметінше, есепті кезең қорытындысында қазақстандықтар 449,2 млрд теңгеге 52 468 жаңа жеңіл көлік сатып алған. Сатып алынған жаңа көліктердің орташа құны 8 482 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 7,6 пайызға жоғары.

 Айта кетерлігі, осы жылдың қаңтар-қарашасында сатылған отандық жаңа автомобильдердің орташа бағасы 5 433,4 мың теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3 пайызға қымбат. Ал шетелден келетін жаңа жеңіл көліктердің орташа бағасы жыл ішінде 21,2 пайызға қымбаттап, 11 318,7 мың теңге болған.

Қаңтар-қараша көлік сатып алғандардың 35,1 пайызы құны 5 млн теңгеден аспайтын көліктерді таңдаған. Яғни, осы аралықта құны 3,5 млн-нан бастап 5 млн теңгеге жететін 10 218 көлік сатылған. Ал құны 3,5 млн теңгеден аспайтын көлікті  8 174 адам алған.

Жалпы алғандарда қазақстандықтар үшін баға қолжетімді жеңіл көлік түрлері мыналар: Lada Kalina (2,94 млн тг), Ravon R2 (2,98 млн тг), Lada 4x4 (3,32 млн тг), Ravon R4 (3,5 млн тг), Lada 4x4 Pickup (3,65 млн тг), Renault Logan (3,78 млн тг), Chevrolet Niva (3,99 млн тг), Ravon Nexia (4,49 млн тг) и Lada Largus (4,5 млн тг).

Ал ең қымбат көліктер тізімі мынадай: Rolls-Royce Ghost (178,1 млн тг), Porsche 911 Turbo (66,3 млн тг) и Porsche Panamera (51,2 млн тг). 

Соңғы жаңалықтар