Қазақстанда жеңіл автокөліктердің саны 70 пайызға өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында 476 751 жеңіл автокөлік тіркелген. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 3914,4 мың дана болған.

Есеп беріліп отырған кезеңде елімізде 8201 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,6 пайызға аз. Жол-көлік оқиғалары салдарынан 11 621 зардап шеккен.

1 тамыздағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігімен міндетті сақтандыруға қатысты сақтандыру ұйымдары 14,2 млрд теңге сомаға 38 175 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.

Соңғы жаңалықтар