Қазақстанда жеңіл автокөліктердің саны 67,9 % өсті

None
None
АСТАНА. ҚазаАқпарат - 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 332 908 жеңіл автокөлік тіркелді. 2017 жылдың сәйкес маусымымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 67,9 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Үстіміздегі жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктер саны 3828,9 мың бірлікті құрады.

Аталған мерзімде 5565 жол-көлік оқиғалары тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға кем. Жол апаттарынан зардап шеккендер саны - 7800 адам.

Биылғы жылдың 1 маусымында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен айналысатын сақтандыру ұйымдары 10,1 млрд теңге көлемінде 28 032 төлем жасаған.

Соңғы жаңалықтар