Қазақстанда жемқорлықпен күрескерлерді шетелдік сарапшылар оқытатын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жемқорлықпен күрес саласындағы мамандарды Норвегия, Финляндия және Австрия сарапшылары оқытатын болады. Бұл туралы бүгін «Жемқорлықты болдырмаудың көкейкесті мәселелері: қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестік» семинарының барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов мәлімдеді.

«Жақында академиямыздың делегациясы Норвегия, Финляндия және Австрияға сапар жасады. Сапар барысында біз әлемде жемқорлыққа қарсы әрекет саласындағы үздік мамандардың біздің оқыту процесімізге жұмылдырылатынына келістік», - деп хабарлады Б.Әбдірасылов.

Бұдан басқа, оның айтуынша, Норвегияның қоғамдық басқару және электрондық үкімет агенттігінің сарапшыларымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару агенттігінің білім беру бағдарламаларын жақсарту туралы келісімге қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар