Қазақстанда жеміс-жидек пен көкөніс бағасы арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың ақпанында азық-түлік өнімдерінің бағасы 2018 жылдың ақпанымен салыстырғанда орта есеппен 6,6% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде нан өнімдері, жармалар, ет, балық, теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, қант, кондитер өнімдері, алкогольды және алкогольсыз сусындардың бағасы көтеріліп, жеміс-көкөніс арзандай түскен.

Астықтардың бірінің бағасы көтеріліп, басқасы арзандады. Мәселен, биылғы ақпанда 1 кг күріштің орташа бағасы 323 теңге, былтыр 287 теңге болатын. Ал, өткен жылы 287 теңге болған қарақұмықтың бағасы биылғы ақпанда 243 теңгені құрады.

1 кг қанттың орташа бағасы ақпан айында 236 теңге болды, былтыр ол 195 теңге еді.

2019 жылғы ақпанда сүт өнімдерінен сүзбенің орташа бағасы 1 келіге 1579 теңгені құрап отыр (2018 жылдың ақпанында - 1511 теңге), қаймақ - 1 050 теңге (994 теңге), мәйек ірімшігі - 2 565 теңге (2 255 теңге), айран - 286 теңге (273 теңге), пастерленген сүт - 239 теңге (216 теңге).

Соңғы жаңалықтар