Қазақстанда жеміс пен көкөніс бағасы арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың сәуір айындағы азық-түлік бағасы 2018 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 7,1% -ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде тоқаш өнімдері мен дәнді дақылдар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар мен алкоголь өнімдер қымбаттап, жемістер мен көкөністер арзандады.

Атап айтқанда, астық өнімдері бағасының өзгергені байқалады. Биылғы жылдың сәуір айында күріштің орташа бағасы 1 килограммға - 333 теңгені құраса, өткен жылдың осы кезеңінде 290 теңге, ал қарақұмықтың бағасы биыл - 243 теңге, былтырғы жылдың осы кезеңінде - 266 теңге болған.

Сәуір айында түйіршіктелген қанттың орташа бағасы 1 килограмға - 243 теңгені, бір жыл бұрын - 203 теңгені құрады.

Ет және ет өнімдерінен сиырдың жауырын-кеуде бөлігінің бағасы 2019 жылдың сәуір айында 1 килограммға - 1575 теңгені құрады (2018 жылдың сәуір айында - 1496 теңге) сүйекті қой еті - 1 502 теңге (1 403 теңге), жылқы еті - 1 789 теңге (1 641 теңге), шошқаның жауырын еті - 1 342 теңге (1 258 теңге), шала қақталған шұжық - 2 071 теңге (1 895 теңге), тауық еті - 753 теңге (654 теңге).

Соңғы жаңалықтар