Қазақстанда жеке адамдарға қатысты тағы бір салық рақымшылығы жүргізілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған құжат жобасының негізгі мақсаты – экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспарда ескерілген кейбір шараларды заңнамалық қамтамасыз ету.

Мәжіліс депутат Сергей Симоновтың сөзіне қарағанда, заң жобасы аясында базалық салалардағы отандық компанияларға өздерінің ағымдағы өтімділігін арттыру, төтенше жағдай режимінен кейін экономикалық өсуді қалпына келтіру үшін қаражатты босату, отандық тасымалдаушылар паркін жаңарту, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау үшін салық жеңілдігін беру, сондай-ақ карантин кезеңінде салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға бағытталған түзетулер ұсынылады.

Сонымен қатар, құжатта жеке тұлғаларға қатысты салық рақымшылығы ескерілген. Бұл шара азаматтарды есептелген санкциялардан босатып, қаржылық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

«Бұдан басқа, 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша берешек төленген жағдайда, 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы өсімпұл сомасын есептен шығару бойынша жеке тұлғаларға қосымша салық рақымшылығын жасауды жүргізу ұсынылады», - деді С. Симонов заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында.


Соңғы жаңалықтар