Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша күзгі аукциондық сауда-саттық басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Жасыл экономика» жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Энергетика министрлінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл аукциондар жиынтық белгіленген қуаты 5 МВт ГЭС жобаларын іріктеуден басталып отыр.

«Аукцион өтті деп танылды. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға үш компания жіберілді. Сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 2 өтінім берді. Жобалардың жекеленген қуаты 4,5 МВт және 2,5 МВт-ты құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі - 7 МВт. 2019 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 15,48 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады», - делінген хабарламада.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 15,43 – 15,48 тг/кВтсағ екені айтылды.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мынадай компаниялар жеңімпаз болып танылған:

- «Шет-Мерке-Energo» ЖШС – жобаның белгіленген қуаты 2,5 МВт, аукциондық бағасы 15,43 теңге/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);

- «Жетісу Жер АБС» ЖШС–жобаның белгіленген қуаты 4,5 МВт, аукциондық бағасы 15,48 теңге/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, бейінді қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бақылаушылар ретінде қатысқан. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттық бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтіп, аукционды ұйымдастырушы- «КОРЭМ» АҚ-ның электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

10 МВт ГЭС түрі бойынша келесі аукцион 2019 жылдың 17 қыркүйегіне белгіленді.


Соңғы жаңалықтар