Қазақстанда жатақханаларды салудың типтік жобасы жасалмақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары Алматытадығ университеттерді аралап, жатақханалардың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Satbaev University жатақханалары 1958-60 жылдары салынған. Мәжіліс депутаты Гүлнар Иқсанова ол ғимараттар адам өміріне қауіп туғызуы мүмкін деген пікір айтты.

«Сарапшылар заң тұрғысынан типтік стандарт болуы керектігін айтып отыр. Оны мемлекет өзі қаржыландырады. Аталған жобадан бөлек ұсынылған дүниелер болса мемлекеттік-жекелік әріптестік аясында жүзеге асырылуы керек. Бұл бюджет қаржысының қалай жұмсалатынын, ашықтығын көрсетеді», - деді депутат Гүлнар Иқсанова.

Сонымен қатар, Қазақ ұлттық  аграрлық университетінің жатақханалары да айтарлықтай тозған.

ҚР Парламент Мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исинбаеваның айтуынша, екі университетте де  250, 450 орынға арналған типтік жатақхана құрылысы басталуы тиіс.

«Елбасының 5 әлеуметтік жобасының екеуі жастарға, студенттерге тікелей байланысты. Грант санын арттыру, студенттердің баспана жағдайының түйткілді мәселелерін шешу аса маңызды. Жастар кедергісіз білім алуы үшін халықаралық стандарттарға сай типтік ғимараттардың құрылысын бастау керек. Әр оқу орнында өздерінің жобалары, жер учаскелері, техникалық экономикалық негіздемелері бар. Алайда, ҚР БҒМ несие, кепілдеме бойынша банктермен бірқатар сұрақтарды шешуі тиіс. Бұл мәселе шешімін тапқан жағдайда ғана жатақхана құрылысы басталады», - деді Гүлмира Исинбаева.
null 

Жұмыс сапары барысында халық қалаулыларына студенттер тұратын бөлек кампустардың жобасы көрсетілді.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында Мәжіліс депутаттары әр аймақта құзырлы орган өкілдерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар