Қазақстанда жасы елуден асқан 57 мыңдай адам жұмысқа орналасты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2018 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 50 жастан асқан 57 мың адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылуда. Бағдарлама аясында жастар алғашқы жұмысшы мамандығын тегін ала алады. Сондай-ақ, қажетті мамандықтар мен дағдыларды үйренуге болады. Өткен жылы 80 мыңға жуық адам осы мүмкіндікті пайдаланды», делінген хабарламада.

2018 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары 628 мың адам болды, оның ішінде жұмыссыздар - 509 мың адам және өзін - өзі жұмыспен қамтығандар-119 мың адам.

Сондай-ақ, жастармен қатар жұмыссыз және жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары қатарынан мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін елу жастан асқан зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін адамдарға басым құқық берілген.

2018 жылы бағдарламаға 50 жастан асқан 74 мыңнан астам адам қатысты, оның ішінде 57 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылды.

50 жастан асқан шамамен 6 мың адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілді, ал 1,2 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар