Қазақстанда жастарға арналған инновациялық байқау жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Nurintech» атты республикалық жастар инновациялық байқауына еліміздің 14-29 жас аралығындағы азаматтары өз жобаларын ұсына алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауға өтінім 19 қазан мен 30 қазан аралығында «Үздік жас ғылым», «Әлеуметтік маңызды инновациялар» және «Жастардың инновациялық жобасы» номинациялары бойынша қабылданады. Оның ішінде жасыл энергетика, нано және биотехнология, өнеркәсіп, аргоинновация, IT, медицина, робототехника салалары бойынша жұмыстарды ұсынуға болады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 миллион теңгені құрайды.

«Осымен үшінші жыл ұйымдастырылып отырған аталған байқаудың басты мақсаты - жастардың қоғам мен оның дамуы үшін маңызды болып табылатын идеяларын іске асыру. Байқауға қатысудың ережелері мен талаптары «Жас Отан» ресми сайтында көрсетілген. Аталған байқаудың тағы бір ерекшелігі шетелде тұратын қазақтар да қатыса алады», -деді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек.

Одан бөлек, «Жас Отан» жастар қанаты ҚР Киберспорт федерациясымен бірлесіп «Open Esports Cup» ашық республикалық «Dota-2» турнирін өткізіп жатыр. Шет елдерде танымал аталған спорт түрі үстіміздегі жылдан бастап Қазақстанда ресми спорт деп танылды. Турнирдің іріктеу кезеңіне еліміз бойынша 1 035 адамнан құралған 208 команда қатысты. 13-14 қазан күндері киберспорт біліктілігі бойынша ашық ойын өтсе, 15-19 қазан аралығында онлайн режімінде турнирдің екінші кезеңі өтуде, ал финал 11 қарашаға жоспарлануда. Жеңімпаз топқа 2 миллион теңге сыйақы табысталады.    

Бұған дейін хабарлағанымыздай бүгін «Жас Отан» өздерінің ел жастарына арналған әлеуметтік және инновациялық жобаларымен таныстырды.  

Соңғы жаңалықтар