Қазақстанда жастарды қолдау саласында қандай жобалар жүзеге асырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жастарды қолдау мәселелеріне баса көңіл бөлінеді. Ел басшылығы республикамыздың қарқынды дамуының іргетасын дәл солар салуы тиіс екенін түсінеді. Бұл бағытта Қазақстанда жақсы әрі жан-жақты бағдарламалар жасалып, оларды қаржыландыру қарастырылған. Мемлекет басшысы өз сөзінде жастарға, өскелең ұрпаққа жиі жүгінеді. ҚазАқпарат 2021 жылы жастар саясаты саласындағы ең тартымды оқиғаларға шолуды ұсынады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар және отбасы саясаты саласында маңызды іс-шаралар іске асырылды.

Осылайша, үш бағыттан, жеті тапсырмадан, 21 көрсеткіштен және 66 ауқымды іс-шарадан тұратын «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асыру басталды.

«Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес» және «Медиа» номинациялары бойынша талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жеңімпаздарына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет гранттар тапсырды.

Жастарды қоғамдық пайдалы істерге тарту үшін іс-шаралар өткізілді. Тек Халықаралық жастар күнінде, 12 тамызда, елімізде жастарды қолдауға және оларды мемлекеттің қоғамдық өміріне тартуға бағытталған 800 мыңнан астам жастарды қамтитын 200-ден астам онлайн-шаралар іске асырылды. Халықаралық жастар күні іс-шараларының маңызды бөлігі ЖОО және ТжКБ ұйымдарының түлектерін, NEET санатындағы жастарды және т. б. жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастыру болады.

Сонымен қатар, биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Республикалық жастар форумы өтті. Форум барысында прогрессивті жастар 2041 жылғы болашақ ұрпаққа Жолдауы бар криптокапсуланы жіберді. Сондай-ақ, «Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдардың республикалық форумы өтті, оған ғылымның түрлі салаларынан 200-ден астам жас ғалымдар қатысты.

Сонымен қатар, 20 жас дарынға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы тапсырылды, түркітілдес елдердің жас көшбасшылары мен белсенділерінің «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» Халықаралық жастар саммиті өтті.

«Мерейлі отбасы» отбасылық құндылықтар конкурсын өткізудің жаңа тәсілдері енгізілді, енді жыл сайын 17 үздік отбасы - әр өңірден айқындалатын болады.


Соңғы жаңалықтар