Қазақстанда жастарды дамыту индексі әзірленіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде жастар индексі пайда болады. Жаһандық жастарды дамыту индексі негізінде дайындалып жатқан жаңашылдық туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастарды дамыту индексі – денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту, қоғам өміріне араласу, бос уақытты тиімді өткізу, қауіпсіздік деңгейін талдауға арналған жиынтық. Біздің әзірлеп жатқанымыз – БҰҰ-ның жастарды дамытудың жаһандық индексінің отандық нұсқасы. Индексті енгізу еліміздің халықаралық ұстанымына оң әсер етеді деді», - деді Данияр Қадыров ОКҚ-де өткен брифингіде.

Вице-мининстрдің дәйегінше, индекс енгізу жастар саясатын ұлттық және өңірлік деңгейде бағалауға мүмкіндік береді.

«Жастардың даму индексін заңнамалық ресімдеу олардың қоғам өміріндегі белсенділігін арттыратынына сенімдімін. Даму индексі – жастар саясатын іске асыру, талдау, бағалау және нақты нәтижелерге қол жеткізу тәсілдерін біріздендірудің таптырмас құралы», - дейді ол.

Бұған дейін Д. Қадыров жастар санатына кіретіндер саны ұлғаюына байланысты жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізу қарастырылып жатқаны туралы айтқан еді.

Сондай-ақ, көпбалалы және жалғызбасты аналар NEET санатына жатқызылатыны айтылды.


Соңғы жаңалықтар