Қазақстанда жастар үшін жайлы өңір анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар арасында жүргізген сауалнаманың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҒЗО сайтына сілтеме жасап. 

Респонденттер «Қазіргі сүріп жатқан өміріңіз қанағаттандыра ма?» деген сұраққа жауап берген.

«Нәтижесінде, өміріне толығымен риза жастардың Түркістан облысында тұратынын анықтадық. Облыс жастарының 98,3 % өз өмірлерінің толығымен қанағаттандыратынын айтқан. Түркістаннан кейінгі орындарда 97% көрсеткішпен Атырау, Шығыс Қазақстан және 95,1%-пен Жамбыл облыстары тұр», - деп хабарлады «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы.

Сауалнамаға сәйкес, өміріне көңілі толмай жүрген жастар Солтүстік Қазақстан (71,2 %) және Батыс Қазақстан (78,6 %) облыстарында тұрып жатқан көрінеді.

Талдаудың жалпы қорытындысы бойынша жас қазақстандықтардың басым бөлігін қазіргі өмірлері қанағаттандырады (92 %).

Соңғы жаңалықтар