Қазақстанда жасанды түсік жасау 3 есе төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жасанды түсік жасау 3 есе төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Акушерлік, гинекология және перинатология орталығының директоры Талғат Құдайбергенов айтты.

«2013 жылы шамамен 84 мың жасанды түсік жасалған болатын. Егер, өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы көрсеткішпен салыстырар болсақ, ол кезде бала тууға қабілетті жастағы 1000 әйелдің 180-і жасанды түсік жасататын. Ал қазір бұл көрсеткіш 10 есе төмендеді. Яғни, бала тууға қабілетті 1000 әйелдің 18,4-і түсік жасатады», - деді Т.Құдайбергенов.

Оның атап өтуінше, бүгінде жасанды түсік жасату еліміз Тәуелсіздік алған елең-алаң кезеңдегі көрсеткіштен 3 есеге төмендеп отыр. Қазіргі уақытта әйелдер медициналық түсікті бала тууға қабілетті 19-34 жасында жасатады.

Соңғы жаңалықтар