ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Жамбыл облысындағы сафлор майын өндіретін зауыттың қуаттылығы артты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ҮИИД бағдарламасы аясында іске асырылып отырған жобаның бірі «KazIrAgro» ЖШС-нің сафлор майын шығаратын зауыты ашылғаннан бері табысты жұмыс істеп келеді.

Жамбыл облысының Шу ауданында 2011 жылы сафлор өсіру, оның майын өндіру және қайта өңдеумен айналысатын «KazIrAgro» компаниясы өндіріс үшін Германияның жоғары технологиялық жабдықтарын сатып алды.

Шу ауданының әкімі Бақытжан Нүркеновтың ақпаратына сүйенсек, 2014 жылы кәсіпорын 200 тонна сафлор майын шығарған, соның ішінде 180 тоннасы Қытайға экспортталды. «Биылғы жылдың бірінші тоқсанының аяғына қарай «KazIrAgro» ЖШС өндірістік қуаттылықты көбейтіп, тәулігіне он тоннаға дейін май шығару жоспарлап отыр», - дейді Б.Нүркенов. Кәсіпорынның сегіз гектарында оның жеке май цехі, дәнді және май дақылдарын сақтау және өңдеу үшін жабдықталған нан қабылдау пункті, сондай-ақ ауылшаруашылығы техникасы орналасқан. Сондай-ақ компанияның иелігінде ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруге арналған 2,5 мың га егістік жерлер бар.

Соңғы жаңалықтар