Қазақстанда жасалған: Петропавлдағы «Сүт одағы» зауытында өнімнің 40-тан астам түрі шығарылады (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы «Сүт одағы» ЖШС сүт өнімдерін өндіріп, сатумен айналысқанына, өнім түрлерін үнемі кеңейтіп отырғанына 87 жыл болды. Бұл туралы СҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Сағынгүл Сәкенова ақпараттандырды.

«Қазіргі уақытта шығарылып отырған өнімнің 40-тан астам түрі бар - бұл қатты, қышқылдатылған, балқытылған, жұмсақ ірімшіктер мен қаймағы алынбаған өнімдер: сүт, майлы айран, айран, йогурттар, қаймақ, сарымай. Әрине, қазір нарықта сүт кәсіпорындарының үлкен бәсекелестігі орын алуда, соның ішінде Ресей Федерациясынан көп сүт өнімдері келеді, сондықтан біз тауар түрлерін үнемі кеңейте отырып, сатып алушыларымыздың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнімнің жаңа түрлерін, орауыштарды енгізіп отырамыз», - деп баяндайды бақылау-өндірістік зертханасының бастығы Ирина Дәулетбаева.

Бүгінде кәсіпорынның өнімдері Қазақстанның 7 аймағында сатылуда.

Соңғы жаңалықтар