ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: ОҚО-да аяқ киім цехында күніне 1000 жұп шәркей шығарылуда

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-дағы аяқ киім тігу цехында жұмыс істейтін 10 адам күніне 1000 жұп шәркей тігіп шығаруда.

Цехтың қуаттылығы 5 есе артық өнім шығаруға мүмкіндік береді, бірақ өнімнің мұндай көлеміне сұраныс жоқ.

«Біз күн сайын 5 мың жұп шәркей тіге аламыз. Өнімдеріміз Алматы, Астана және Түркістан қалаларында сатылады. Біз Қазақстан нарығын шәркейлерімізбен толық қамтамасыз ете аламыз және бұл импорт алмастыру болып табылады, себебі біздің өнімдеріміз бағасы бойынша қытайлық өнімдермен бәсекелеседі. Үйге киетін шәркей бағасы 260 теңге тұрады», - деді цех директоры Санжар Тілегенов. Мұндағы көптеген қызметкерлер «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының аясында жұмыс істеп жүр. Жас мамандар өздерін жақсы жағынан танытып, ынтымақтастықты жалғастыру ұсынысын алды. Енді олар тұрақты жұмыспен және 50 мың теңге көлеміндегі жалақымен қамтамасыз етілген. Жарты жылдың ішінде цехта 40 мың жұп шәркей тігілді. Жақын уақытта ерлерге арналған аяқ киім тігу цехын іске қосу жоспарланып отыр. Ол үшін аяқ киімнің табаны мен басын дайындайтын түрік компаниясымен келісімшарт жасалды, олар Шымкент қаласында желімделіп, тігелетін болады. Цех басшылығы қызметкерлерінің аяқ киімнің 400 түрін шығара алатынын айтуда. Бұл мақсаттарға серіктестерден үлгі құрылғылары мен нұсқалар сатып алынған.

Соңғы жаңалықтар