«Қазақстанда жасалған» көрмесінде 100-ден астам компанияның өнімі ұсынылды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазақстанда жасалған» көрмесі өтті. Онда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы мемлекеттік жәрдем алған кәсіпорындардың өнімдері қойылды.

Көрмеге азық-түлік, құрылыс, жиһаз, киім, арнайы техника, құрал-жабдық, кәдесый және полиграфиялық өнім өндірісі саласынан 100 компания қатысты.

«Даму» қоры 2010 жылдан бастап 23 мың кәсіпкерге қаржылық қолдау көрсеткен. 140 мыңнан астам кәсіпкер бизнесті жүргізу бойынша консультативтік көмек алды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек келушілерге бәсекеге қабілетті әрі сапалы отандық тауарларды алуға кеңес берді.

«Ең алдымен бір терезе принципіне сәйкес қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру маңызды. Рұқсат беру процесін жеңілдетіп, әр кәсіпорынға нақты қолдау көрсету керек. Сондай-ақ, банктермен жұмысты бір жолға қойған абзал. Банктердің бас офистерінің 40 %-ы Алматыда шоғырланған. Барлық депозиттер мен несиелердің, сауда айналымының 40 %-ы Алматының үлесінде», - деді Б.Байбек.

Қала басшысы еліміздегі ЖІӨ көрсеткішінің 5/1-і Алматыда қалыптасатынын жеткізді. Мемлекеттік кірістің үштен бірін Алматы қамтамасыз етеді. Бүінде оңтүстік Астанада елдегі барлық ШОБ-тың 15 %-ы шоғырланған.

500 мыңнан астам адам осы салада қызмет етіп жүр.

Көрме соңында қалалық әкімдіктің коммуналдық кәсіпорындары мен кәсіпкерлер арасында бірқатар келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар