ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Ең дәмді алма Алматы облысында өсіріледі

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талғар ауданындағы Fresh Fruit Kazakhstan компаниясы алманың оннан астам түрін өсіруге, сақтауға және сатуға мүмкіндік беретін бірегей кешеннің қызметін іске қосты. Бұл жоба өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған.

Fresh Fruit Kazakhstan ЖШС-нің инженері Игорь Цыгайкиннің айтуынша, 12 салқындатқыш камера химикаттар қолданбай қадағалатанын газ атмосферасында екі мың тоннаға дейін алманы сақтай алады. Барлығы алмалардың өзінде болатын биологиялық процестерге негізделіп отыр.

«Бізді Алматы және Қазақстанда таниды, және біз өз өніміміздің сапасын жақсартатын боламыз. Қазақстанның ДСҰ-на қосылуы - өте үлкен қадам, біз Ресей, Қытай және басқа елдерге бәсеке құра аламыз», - деп атап өтті Игорь Цыгайкин.

Бақ шаруашылығын жүргізу кезінде мұнда алдыңғы қатарлы аграрлық технологиялар (бұршаққа қарсы торлар, тамшылап суару) қолданылады. Ал алмалардың әдейілеп алынған арнайы сұрыптары егілген соң келесі жылы жемістер алуға мүмкіндік беріп отыр. Ағымдағы жылы 400 тоннаға жуық алманы сату, сондай-ақ бақша аумағының көлемін 100 гектарға дейін өсіруге жоспарлануда.

Fresh Fruit Kazakhstan өнімдерін дүкен сөрелерінде «Амал-био» әдемі фирмалық орауыштарынан оңай тануға болады.

Соңғы жаңалықтар