Қазақстанда жасалған электр көліктердің қаншаға сатылатыны айтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда құрастырылатын JAC iEv7S электрокарларының бағасы шамамен 7,5 млн теңгеден басталады. Бұл туралы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС директорының техникалық даму жөніндегі орынбасары Сергей Могилатов айтты, деп хабардайды ҚазАқпарат колеса.кз сілтеме жасап. 

Қазақстанда құрастырлатын iEv7S электромобилдері  Қытайдың JAC маркасының негізінде жасалған. Іс жүзінде бұл кроссовер NEDC циклімен 280 шақырымға дейін тоқтамай жүре алады. Егер жылдамдықты  60-тан асырмаса 350 шақырымға дейін баруға болады. Ал автокөлік батареясын толық қуаттау үшін шамамен 7 сағат уақыт қажет екен.

Сергей Могилатовтың айтуынша, 2018 жылдың аяғына дейін Қостанайда 500 электромобиль құрастырып шығару жоспарланған. Көліктің бағасы шамамен 7,5 млн теңгеден басталады. Аталған көліктердің жалпы сатылымға дәл қай кезде шығатыны әзірге белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар