«Қазақстанда жасалған» брендімен тауарларды ерікті сертификаттау жүйесі құрылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстанда жасалған» брендімен тауарларды ерікті сертификаттау жүйесі құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазіргі заманауи сауда форматтарының үлесін 2027 жылға қарай 70 пайызға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін бизнестің 2023 жылға арналған жол картасында бірінші кезеңде несиелер бойынша сыйақы мөлшерін субсидиялау қажет. Екінші кезеңде, 2024 жылдан бастап қазіргі заманауи сауда форматтарының құрылысын қаржыландырудың жеке салалық бағдарламасы қарастырылады. Сондай-ақ, өңірлік деңгейде заттай гранттардың берілу мүмкіндігін қарастыру қажет», - деді ол.

Бірінші вице-министрдің дерегінше, осы жылдың соңына дейін сауда саласында мемлекеттік бақылаудың бірыңғай тетігін енгізуді көздейтін Президент тапсырмаларын іске асыру аясында заң қабылданады.

«Қазақстанда жасалған» брендімен тауарларды ерікті сертификаттаудың жүйесін құру және техникалық реттеу құралдары арқылы ішкі нарықты қорғаудың жаңа моделі әзірленді. Саудадағы техникалық кедергілер бойынша ахуалдық штаб құрылды. Импорттық өнім демпингісінен қорғау мен өз өндірісімізді ұлғайту үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төменгі көтерме бағаларды енгізу жөніндегі заңнамаға түзету енгізіледі», - деді Арман Шаққалиев.


Соңғы жаңалықтар