Қазақстанда жас ғалымдар саны 60 пайызға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде жас ғалымдар саны 60 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Республикалық жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізде талантты жастар бар, ниеттері де, ойлары да бар. Мен Қазақстанның барлық жас ғалымдарына зор табыстар тілеймін. Сіздер біздің қуатты қолдауымызды сезінесіздер. Біз білім туралы арнайы заң қабылдадық. Бұл сіздердің дәліздерде арлы-берлі жүгірмеулеріңіз үшін жасалды. Егер нақты жобаларыңыз, стартаптарыңыз болса, онда комиссия оның қажеттілігін немесе қажетсіздігін анықтап, қаржыландыруға қояды», - деді Назарбаев.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті елімізде жас ғалымдар санының артып келе жатқандығын баса айтты.
«Меніңше, олардың арасында әлемге Қазақстанның атын танытатын ғалымдар да бар», - деді Елбасы.
- Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Динамоны» жеңді
- Елордада конькимен сырғанау және шаңғы тебуді тегін үйретеді
- Пандемия кезінде кәсіпкерден 14 млн теңге пара алған шенеунік сотталды – Қостанай
- Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау
-
Елордада түнде істеген компьютер клубында 70-тен астам адам болған
-
Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам