Қазақстанда жас дипломаттарға арналған жаңа жоба басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі мектеп оқушыларына арналған «Jas Diplomat» әлеуметтік жобасын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Сыртқы істер министрлігінің жобасына Елорданың 7 мектебінің (№3, №4, №5, №6, №48, №75, №81) оқушылары қатысып жатыр.

Жобаның мақсаты - жас жеткіншектерді дипломатия саласымен жақын таныстыру, ҚР СІМ мен еліміздегі шетелдік елшіліктердің жұмысын көрсету.

«Jas Diplomat» жобасының қатысушылары қараша-желтоқсан айларында 7 мемлекеттің (Бразилия, Германия, Грузия, Корея, Жапония, Польша, Түркия) елшілігімен дипломатиялық қызметтің қыр-сырымен танысу, сонымен қатар, танымдық мақсаттағы шаралар ұйымдастырылады. Екі айдан соң оқушылар БҰҰ моделіне сәйкес «Болашақтың энергиясы» тақырыбында отырыс өткізіп, энергия тақырыбын талқыға салады.
null 

«Бұл жобаны жүзеге асыруда көптеген дайындық жұмыстары жүргізілді. Біздің мақсат - жас дипломаттарға осы саланың жұмысын көрсету арқылы олардың дүниетанымы мен ой-өрісін кеңейту, мүмкіндік беру. Сол сияқты болашақ дипломат болғысы келетін жеткіншектерге бағыт-бағдар беру. Қатысушы 7 мемлекеттің елшілері біздің оқушылармен бірлесіп жұмыс жасап қана қоймай, өз тәжірибелерімен бөліседі. Осы жерде тағы бір айта кететін дүние, аталған шараны Елбасының жаңа Жолдауында айтып өткендей келер жыл жастар жылы ретінде аталып өтеді. Осы тұста бұл іс маңызды қадам деп санаймын», - деді ҚР Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко.
null 

Сонымен қатар, вице-министр жобаға қатысуға қызығушылық танытқан елшілік өкілдеріне алғысын білдіріп, жасөспірімдерге берілген мүмкіндікті кеңінен пайдалану керектігін айтып өтті.

«Jas Diplomat» әлеуметтік жобасына сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және БҰҰ моделінің үйлестіруші орталығы қолдау білдіруде.

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар