Қазақстанда жарымжан балалар саны артқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы 7 жылда мүмкіндігі шектеулі балалар саны өскен. Бұл туралы Сенатта мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мүгедектігі бар балалардың құқығын әлеуметтік қорғау біздің еліміздің мемлеттік отбасылық саясатының ажырамас бөлігі болып отыр. Осы орайда, оның тиімділігі әрқашан біздің мүмкіндігі шектеулі кішкентай азаматтарымыздың тіршілік ету жағдайларының барлық салаларында, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет әрі спортқа қатысу арақатынасымен өлшенетін болады. Бүгінде Қазақстанда 680 мың мүгедектігі бар адам тіркелген. Оның ішінде балалардың жалпы санының 1,5 пайызы және мүгедектердің жалпы санының 12,8 пайызы 18 жасқа дейінгі 87 мың мүмкіндігі шектеулі баланы қамтып отыр», - деді вице-министр.
null

Оның атап өтуінше, мүмкіндігі шектеулі жандардың жалпы құрылымында балалар үлесінің өсу серпіні байқалады. Осылайша, соңғы 7 жылда өсім екі пайызға дейін артып отыр.

«Елімізде мүгедектіктің себептері аурулардың үш тобына тиесілі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша бұл жүйке жүйесі аурулары, туа біткен ауытқулар мен психикалық жағдайлар үлесі 72,8 пайызды құрады. Сонымен бірге, есту қабілеті бұзылған балалар саны 4,5 мың, көру қабілеті бұзылғандар 4,5 мың , жүріп-тұруында қиындығы барлар 28 мың», - деді С. Жақыпова.

Соңғы жаңалықтар