Қазақстанда жарты миллионнан астам адам мүгедектігі үшін жәрдемақы алады
2022 жылғы 19 қаңтар 14:53

Қазақстанда жарты миллионнан астам адам мүгедектігі үшін жәрдемақы алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы түрінде 391 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылы республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 310,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 81,3 млрд теңге бағытталды.

2021 жылдың желтоқсан айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 7,4 млрд теңге жұмсалды.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 529,3 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 168,3 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 51 094 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайында 43 836 теңгені құрады.


Jańalyqtar

MURAǴAT