Қазақстанда жарма мен қанттың бағасы арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың мамырында 2017 жылдың мамырымен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы 5,1% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде алкогольді сусынның бағасы 11,5%, сүт өнімдері - 10,4%, балық және теңіз өнімдері - 8%, кондитерлік өнімдер - 7,8%, тоқаш, ұннан жасалған өнімдер - 6,3%, кофе, шәй және какао -2,5%, макарон өнімдері - 2,2%, жеміс-жидек пен көкөніс - 1,3%, нан - 0,7%, ұн - 0,5%, қымбаттаған, ал жарманың бағасы 18 %, қант - 8,3 % арзандаған.

Ет пен ет өнімдерінің бағасы 8% жоғарылаған. Оның ішінде, сиыр еті - 9,6%, жылқы еті- 8,9%, шұжық өнімдері 8,1%,, шошқа еті - 7,8%, қой еті - 6,9%, құс еті - 1,9% қымбаттаған. 

Соңғы жаңалықтар