Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде мешіттер зақымдалған жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елде болған жаппай ереуіл кезінде ешқандай мешіт зақымдалған жоқ. Бұл туралы елордадағы «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аллаға шүкір, мешіттерге зақым келген жоқ. Осы тұста дін мамандары бұзақылыққа қарсымыз, дін де қарсы. Себебі арандатушылық еш жақсылыққа алып келмейді. Ол туалы жамағатқа айтып та жатырмыз. Пайғамбарымыз «іріткі ол ұйықтап жататын нәрсе, оны оятқан адамға Алланың қарғысы болсын» деген. Сондай-ақ, хадистерге жазылғандай «іріткі кезінде тұрған адамнан, отырған адам жақсы» делінген. Тұрақтылық, тыныштық тәңірдің берген сыйы. Ал оны сақтау өз қолымызда. Бізде мешіттер зардап шекті деген ешқандай мағлұмат жоқ», - деді Ерболат Жүсіпов.

Одан бөлек, имам жаппай бассыздық кезінде діни сала мамандарының да зардап шекпегенін жеткізді.

Бұған дейін маман вакцина халал әлде харам дегенге қатысты түсінік берген еді.

Айта кетейік, бүгін елордада діни бірлестіктер өкілдері ревакцина жасатты.


Соңғы жаңалықтар