Қазақстанда жануарлар әлемін авиациялық шолғындау аймағы кеңейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жануарлар әлемін авиациялық шолғындау аймағын кеңейтеді. Бұл жайында Парламент депутаттарының ресми сауалына жауап берген экс-Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумақтарын қосу арқылы авиациялық шолғындау аймағын кеңейту үшін авиациялық қорғау жөніндегі нормативтік жұмысты әзірлеп жатыр», - деп атап өтеді бұрынғы Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекцияларын материалдық-техникалық жабдықтау мәселесі республикалық бюджеттің мүмкіншілігіне қарай рет-ретімен жүзеге асырылады.

«Мәселен, 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте Ауыл шаруашылығы министрлігіне мынадай ақша қаражаттары қарастырылған: 123 млн гектар аумақтағы 44 ұтқыр топқа киіктер мен тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау әрі санақ жүргізуге - 2,5 млрд теңгеден астам; орман шаруашылығы және жануарлар әлғемі саласындағы 27 ведомствоға бағынышты мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтауға 1,7 млрд теңгеден астам», - деді Б.Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар