+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстанда жәндік өлтіретін улы химикаттарды сатуға тыйым салынды

2020 жылғы 20 ақпан 21:33
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жәндік өлтіретін улы химикаттарды сатуға тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жәндіктерді өлтіруге арналған улы химикаттардың сатылуына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында дезинсекциялық және дератизациялық қызметте қолданылатын уытты заттармен улану фактілерінің тіркелуіне байланысты 2020 жылдың 20 ақпанында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Н. Сәдуақасов «Санитарлық-профилактикалық шараларды жүргізу туралы» қаулы шығарды», делінген комитет хабарламасында.

Осылайша, бүгіннен бастап 1, 2, 3 сыныпқа жататын қауіпті дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынды.

Аталған уақытша санитарлық шара ҚР заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін азаматтардың денсаулығына және қоршаған ортаның жағдайына зиян келтіру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT