USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Қазақстанда жаңажылдық корпоратив өткізуге рұқсат бар ма – министр жауабы

2021 жылғы 23 қараша 12:42
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жаңажылдық корпоратив өткізуге рұқсат бар ма – министр жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жаңа жыл қарсаңында мерекелік кеш-сауық өткізуге рұқсат бар ма? Үкімет үйінде тілшілердің бұл сұрағына ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: Мониторингілік топтардың жұмыс ережесі әзірленді «COVID-19-ды лидокаин және физиологиялық ерітіндімен емдеуге болады» - фейк Коронавирус: ШҚО-дағы стационарларда 200-ден астам адам емделіп жатыр

«Алдымен әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты талап енгізіледі, яғни қоғамдық және тамақтану орындары мен концерт залдарға қанша адамның кіруге болатындығы туралы. Оны сол өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері анықтайды. Рұқсат берілген жағдайда көпшілік баратын қоғамдық орынның неше адамға арналғаны ескерілуі тиіс. Сонымен қатар өңірдің қай аймақта орналасып тұрағаны да маңызды. Коронавирустың тарауы бойынша «жасыл», «сары» немесе «қызыл» аймақ бар», - деді А. Цой жауап бере тұра.

Сондай-ақ, министр әр облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері сол өңірдегі эпиджағдайға байланысты жеке шешім қабылдай алатынын жеткізді.

Бұған дейін министр елімізде Pfіzer вакцинасын алып жатқан жүкті әйелдер, емізулі аналар мен жасөспірімдердің жағдайы туралы айтып берген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT