+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстанда жанар-жағармай бекеттеріндегі бензин сапасы қалай тексеріледі

2019 жылғы 31 қазан 13:05
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жанар-жағармай бекеттеріндегі бензин сапасы қалай тексеріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Энергетика министрлігі БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз турын өткізіп, елордадағы жанар-жағармай бекеттеріндегі бензин сапасын тексеру процесімен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз турына қатысушылар Ұлы дала даңғылы бойындағы Есіл аудандық сотының жанында тұрған жанар-жағармай бекетінде болды. Мұнай өнімдерінің сапасын бақылайтын мамандар бекеттен сынама алып, оны тексеру үшін лабораторияға жіберді.


«Мұнай өнімінің өзі айналып келгенде тотығуға бейім, дұрыс сақталмаса сапа көрсеткішін жоғалтып алатын күрделі химиялық тауар. Міне, мұндай қиындыққа ұрынбау үшін біздің компания мұнай өнімдерінің сапасын түпкілікті бақылау жүйесін енгізді», - деді «PetroRetail» ЖШС мұнай өнімдерінің сапасын бақылау бөлімінің бастығы Ақылбек Суханбердиев тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бензиннің сапасы зауыттан шыққаннан бастап, сақтау, жеткізу және сату кезеңіне дейін үнемі тексеріліп отырады.

«Біздің компания отандық үш мұнай-өңдеу зауытының өнімдерін сатады. Барлық отандық зауыт жаңартылғаннан кейін оларда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін отын шығарылады. Модернизациядан кейін біз К-4, К-5 экологиялық санаттарындағы жанармайды сатамыз. Айына кемінде бір рет бүкіл Қазақстан бойынша жанар-жағармай станциялары тексеріледі. Бұл шамамен - 350 жанармай бекеті. Бұзушылықтар іс жүзінде көп анықталмайды. Мұнай өнімдерінің өзі тотығуға бейім болғандықтан, егер қандай да бір олқылық анықталса, бізде ол өнімді қалпына келтіру нормасы бар. Оны дереу сатуды тоқтата тұрып, тексеріп, қажет болған жағдайда өнімді қалпына келтіреміз. Тек қалпына келтіріліп, сапа сәйкестігі зертханалық тексеруден өткеннен кейін, біз оны сатуға рұқсат береміз», - дейді Ақылбек Суханбердиев.


Ол сондай-ақ, отандық бензиннің ресейлік өнімнен еш кемшілігі жоқ екенін айтады.

«Маман ретінде айтарым, барлық зауытымыз халықаралық стандарттарға сәйкес отын шығарады. Барлық ресейлік және қазақстандық зауыттар түптеп келгенде отынды еуропалық стандарттарға сәйкес өндіреді. Қазақстанның жанар-жағармай құю бекеттерінде сатылатын отынның ресейлік өнімнен еш айырмашылығы жоқ. Дәл сол ресейліктердің өзі біздің шекарадағы аудандарға келіп, арзанға бензин сатып алып кетіп жатыр», - деді ол.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT