Қазақстанда жаңа жылыту маусымы қашан басталады
Сәйкес құжатты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бекітті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» ХАА-ның сауалына жолдаған жауабында.
Ведомствоның дерегі бойынша, 21 қыркүйекте Қазақстанда жылу маусымына: сумен жабдықтау желілерінің 87,9% -ы (2040 км-дің 1792,4 км), автономды қазандықтардың 94,8% -ы (10 326 бірліктің 9791 бірлігі), жылумен жабдықтау желілерінің 95,3%-ы (2112,9 км-дің 2013,9 км-ы), тұрғын үй ғимараттарының 91% (43 572-дің 39753-і), денсаулық сақтау мекемелерінің 98,1%-ы (6,444-тің 6324-і) және оқу орындарының 100%-ы (11139) дайындалды.
Әкімдіктер алдағы жылыту маусымына дайындық барысында жоспарланған жөндеу жұмыстарының барлығын аяқтады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне жолдаған сауалдың жауабында атап өткендей, электр станцияларының 4 энергоблогында (жыл сайынғы көлемнің 40%-ы), 33 қазандығында (54%) және 24 турбинасында (48%) дайындық жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар, 5 энергоблокта, 22 қазандық пен 15 турбинада әртүрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Әкімдіктердің мәліметтері бойынша, орталықтандырылған жылу жүйесіндегі қазандықтарды жөндеу жұмыстарының 97%-ы аяқталған, сондай-ақ республика бойынша 21,6 мың шақырым электр беру желілері жөнделген, бұл жылдық жоспардың 89%-ын құрайды.
Жалпы алғанда, күзгі-қысқы кезеңге электр энергиясын өндіруге дайындық мәселелері бойынша айтарлықтай проблемалар жоқ, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.