Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды. Бұл туралы ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство сайтының хабарлауынша, 7 желтоқсан күні ҚР Үкіметінің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылған.

«Ұлытау» ұлттық паркі ҚР Президентінің тапсырмасы аясында құрылып отыр.

Парк Қарағанды өңірінде орналасатын болады, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.

Парктің мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау», делінген хабарламада.

«Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-ші мемлекеттік табиғи парк.


Соңғы жаңалықтар