+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің шетінеуі екі есеге азайған

2019 жылғы 12 қаңтар 09:56
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің шетінеуі екі есеге азайған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Соңғы 10 жылда елімізде жаңа туған сәбилердің шетінеуі 2 есеге азайған. Бұл туралы Педриатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нақтырақ айтқанда, нәрестенің туа біткен даму ақауын жатыр ішінен анықтап қана қоймай, сонымен қатар жүкті әйелдерді емдеуге мүмкіндік беретін перинатальдық диагностикалау жетілдірілуде.

Сондай-ақ республикада балалар кардиохирургиялық қызметі дамып, медицина жетістіктері арқасында онкологиялық ауруға шалдыққан балалардың өмір сүру ұзақтығы артып, көпшілігі құлан-таза айығып кеткен. Бұл химиотерапияны таңдамалы қарқындату әдісі арқылы мүмкін болған.

Ақ халаттылардың білімін жетілдіру, тәжірибесін шыңдау да жол картасының басым бағыттарының бірі.

Айта кеткен жөн, 2017 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде педиатрия факультеті қайта ашылды.

«Неонатолог дәрігерлер біздің орталықта тек қана емдеу үрдісімен айналыспай, сондай-ақ республика бойынша жас мамандардың болашақ неонатолог мамандардың қалыптасуында үлкен жұмыс жасалынады. Консультативтік кеңес ретінде бірнеше телемедициналар өткізілуде үнемі. Яғни, республика бойынша орталықтағы неонатологтар білімімен бөлісіп, өздерінің тәжірибесімен үнемі республикамен тығыз қарым-қатынас жасалынады», - деді С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті Гүлмира Алтынбаева.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT