Қазақстанда жаңа партиялар пайда болады - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Партиялық жүйе реформасы сайлау процестеріне барлық азаматтың қатысуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партиялық және сайлау жүйесінің реформасы сайлау процестеріне барлық азаматтың қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Барша электоралды ландшафтты қамтитын жаңа партиялардың пайда болуы болжанып отыр. Партия тізімдері, сондай-ақ бір мандатты округтар бойынша кандидаттарды сайлау Қазақстанның этникалық әралуандығын нақты көрсетеді деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент этносаралық факторды саясиландыруға, бұл тақырыпта залалды әрі арандату пікірталастарына жол бермеу керек екенін атап өтті.

Осыған дейін ҚР Президенті төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы ашылғанын жаздық.

Мемлекет басшысы Ассамблея Сенат депутаттығына кандидаттарды іріктеудің тиімді әрі ашық рәсімін әзірлеуі керек екенін айтты.



Соңғы жаңалықтар