+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қазақстанда жаңа оқу жылы басталды

2021 жылғы 1 қыркүйек 07:05
Бөлісіңіз:
Қазақстанда жаңа оқу жылы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін – білім күні. Араға 1,5 жыл салып еліміздің білім ошақтары мен оқу орындары дәстүрлі форматта білім беруге көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аймағамбетов 30 жылдағы білім саласы жетістіктерін атады 2023 жылы аса тапшы медицина мамандықтарына 2600 грант бөлінеді Ақылбек Күрішбаев: ЖОО-лар студенттерге университетке «қаржы түсірудің көзі» деп қарайды

10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі оқу жүйесіне оралуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Сол тапсырманың үдесінен шығу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру мекемелерін дәстүрлі форматқа көшіру дайындығын үдетті. Осылайша бүгін жаңа оқу жылы қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып штаттық форматта басталады. Мектепке дейінгі ұйымдар да түгелдей штаттық жұмыс режиміне оралды. Осы оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп шамамен 3,6 млн оқушыны, оның ішінде 380 мыңға жуық оқушыны бірінші сыныпқа қабылдамақшы.

Кімдер қашықтан оқиды?

Ұлттық білім беру деректері бойынша, мектептердің 95 пайызының жобалық қуаты мен оқушылар саны барлық талаптарды сақтай отырып, оқытуды толық штаттық форматта бастауға мүмкіндік береді. Оқушылардың 81 пайызы осындай мектептерде білім алады.

Елімізде 3 ауысыммен білім беретін 300-ден астам мектеп бар. Бұл елдегі мектептердің 5 пайызы деген сөз. Бала санына шақсақ, оқушылардың 19 пайызы үш ауысыммен оқиды деген сөз.

Биыл осындай мектептерде оқу процесін ұйымдастыруға баса көңіл бөлінбек. Атап айтсақ, штаттық оқыту форматы икемді кесте бойынша жүргізіледі. Яғни, кейбір пәндер қашықтан оқытылуы мүмкін.

ҚР Бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша, коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған оқушылар үшін сабақ қашықтан, бірақ синхронды тәсілмен ұйымдастырылады.

Созылмалы сырқаттары бар балаларға медициналық анықтама негізінде асинхронды қашықтан оқыту форматы ұсынылмақ. Мұндай оқушыларға да оқулықтар толық беріледі. Ақпараттық контентпен, электрондық журналдармен де толық қамтамасыз етіледі. Бірақ қорытынды бақылау жұмыстарын мектепке барып тапсырады.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуына қарағанда, педагогтердің 99 пайыздан астамы вакцина алған.

ЖОО студенттен ПТР-тест анықтамасын сұрай алмайды.

Жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер де дәсүрлі форматта оқуды бастады. Университеттерге оқуды аралас форматта да өткізуге мүмкіндік беріліп отыр. Яғни, дәрістерді онлайн форматта, семинарлар мен практикалық жұмыстарды, зертханалық сабақтарды оффлайн форматта өткізуге болады. Ал ерекше мұқтаждығы бар студенттер мен тәуекел тобындағы топтарға қашықтан білім алуға рұқсат берілді.

Білім және ғылым министрінің орынбасары Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, жоғары оқу орындарына оқу жылын сараланған тәртіпте бастауға мүмкіндік ұсынылып отыр. Яғни, 3-4 курс студенттері 1 қыркүйекте бастаса, 1-2 курс пен магистратура студенттері қыркүйек айының соңына дейін бастаса болады. Тек сол тәртіптің бәрі университеттің академиялық күнтізбесінде көрініс табуы керек.

Оқу орындарының аумағында, кітапханаларда, жатақханаларда міндетті түрде Ashyq жүйесі қолданылуы керек. Нақтырақ айтсақ, ғимаратқа тек «жасыл» немесе «көк» мәртебелі студенттер кіргізіледі.

Вице-министр Қуаныш Ерғалиевтің сөзіне сүйенсек, студенттерден оларды ғимаратқа жіберу үшін ПТР-тест анықтамасын талап етуге болмайды.

Кейбір оқу орындары студенттерді вакцина алуға ынталандыру үшін оқу ақысы мен жатақханада тұру ақысы бойынша жеңілдіктер ұсына бастаған. Ал ЖОО қызметкерлерін вакцинацияға ынталандыру үшін сыйақы тағайындау шаралары қабылдануда. Жоғары оқу орындарында бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынып отыр.

Биылғы оқу жылының тағы бір екершелігі – «Бір аудитория – бір топ» қағидасы қатаң сақталуы керек. Ауру белгілері болған студенттерге қашықтан оқу мүмкіндігі беріледі.

Сондай-ақ, биыл академиялық ұтқырлық бағдарламалар бойынша білім алу және шетелдік тағлымдамалардан өту шараларын қайта бастау жоспарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT