Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда Кәсподақтар күні 10 қазанда аталып өтеді. Үкіметтің 22 мамырдағы №303 қаулысы ҚР Нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Кәсіподақтар федерациясы сайтына сілтеме жасап.

«Осындай күнді кәсіби мерекелер тізбесіне енгізуде Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар негізгі рөль атқарды.

Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының мәртебесін көтеру үшін 2018 жылдың екінші тоқсанында ҚРО Премьер-министрі атына хат жолданған. Онда ҚР Үкіметі белгілеген Мереке күндері тізбесіне Қазақстан Кәсіподақтары күнін атап өту ұсынылды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар